0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында республикалық "Жолда қабылдау" акциясы өтуде. Полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов темір жол вокзалы ауданында бұқара халықты қабылдап, азаматтардың сауалына жауап берді. Аталмыш акция осымен 6-шы мәрте ұйымдастырылып отыр.
Биылғы жылы еліміздің түпкір-түпкірінде полиция қызметкерлері азаматтарды жолда қабылдап, бұқара халықтың түрлі сауалдарына жауап беруді дәстүрге айналдырды. Бүгін аталмыш шара облыс көлемінде алтыншы рет ұйымдастырылып отыр Мақсат біреу уақыт жоғалтпай, азаматтардың сауалына жауап беру.
Үнемі азаматтарды жолда қабылдап, халықтың түрлі сауалына жауап беріп жүрген тәртіп сақшылары енді аулалар да қабылдау жүргізе бастады. Полиция қызметкерлері облыс орталығындағы 40 аулада оралдықтардың талап тілектерін тыңдап, тұрғындарды қабылдады. Бұқара халықты жол полициясы, көші-қон саласы, жүргізуші куәлігін алу мен айыппұлдарды төлеу мәселелері толғандырады.
"Жолдағы қауіпсіздік" акциясы 14-ші қыркүйекте өз жалғасын таппақ.