0:00 / 0:00
Үкіметтің дәстүрлі отырысына арқау болған мәселе -жол. Республикалық, жергілікті маңызы бар жолдарды салу, оның сапасы талқыланды. Үкіметтің алдында 2025 жылдың соңына қарай республикалық жолдардың барлығын нормативтік жағдайға келтіру міндеті тұр. Өкніішке орай жаңадан салынған тас жолдардың қолмен үгілітіп жатқанын көріп отырмыз деп ыснады пермьер-министр. Бектенов Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тұрғындары Жұрын мен Қаракөл ауылдарының арасында биыл төселген асфальттың қолмен үгітіліп жатқанын көрсетті. Ал Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қоянкөз ауылының тұрғындары асфальт төсеу технологиясын сақтамаған мердігер компанияны өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті. Ал әкімдіктер қайда қарап отыр? –деп ашуланды. Осы орайда үкімет басшысы БҚО облысы жол сапасы өте нашар өңірлерді бастап тұрғанын айтты.
Көлік министрі ақылы жолдардың ақысын өсіруді ұсынды. Жолдан түскен ақшаға жолдарды жөндедемекші. Марат Қарабаевтың айтуынша, Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі Ресей, Беларусь, Түркия, Қытай, Польша сияқты елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Бүгінде республика бойынша 25 мың шақырым жолдарды күтіп ұсатуға 80 млрд теңге қажет дейді министр. Бүгінде ақылы жолдың жалпы ұзындығы 3 200 шақырым. Өткен жылы бұл жолдардан 30 млрд теңге жиналып, ол қаражат жолды күтіп ұстауға, жөндеуге және техника сатып алуға жұмсалған.
Сондай-ақ, министрлік ақылы жолдардың ақысын уақытында төлемегендерге айыпұл салмақшы.
Ал біздің елдің ақылы жолдарымен жүріп, жолақысын төлемеген шетелдік көліктерге де дәл осындай айыппұл салынады. Оны елден шығатын кезде шетелдік көліктер электронды талон алатын кезде бақылайды. Талон айыппұлы бар, ақылы жолдарды төлемеген көліктерге мүлдем берілмейді. Яғни елдің ішіне кірген көлік ақшасын төлемесе, елден шыға алмайтын болады дейді көлік министрі. Ал 2025 жылдан бастап жалпыға ортақ жолдарда карьерлік жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынуы мүмкін. Себебі жүк көліктері жолдарың тез бұзылуына әсер етіп отыр дейді шенеуніктер. Қарабаевтың мәліметінше, биыл 12 мың шақырым жолда жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті жердің жолдары.