Орал қаласында кезекті мәрте "Жолда қабылдау" акция өткен еді. Аталмыш шараны полиция департаменті ұйымдастырып отыр. Күні бүгінге дейін аталмыш акция сегіз мәрте өткен-ді. Сала мамандары осы уақытқа дейін 3000-нан астам азаматтың арызын қабылдадық,- дейді. Шағымдардың дені жолдағы қауіпсіздік пен жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолағын көптеп орнату тақырыбында екен. Тәртіп сақшылары аталмыш шара 2020 жылдың сәуір айында дейін болатынын айтады.