0:00 / 0:00
Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы облыс орталығы мен аудандарда жыл сайын өткізіледі. Көбіне көп тұрғындарды кибершериф қызметі, жасөспірімдер мен балаларды тасымалдау ережелері, автокөлікті тіркеу сынды мәселелер толғандырады. БҚО ПД-ның мамандары бұл бағыттағы сауалдар легінің азаймай отырғанын айтады.
ОЛЖАС ИБРАЙЫМОВ
БҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Шараға №40 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жол-Дос» жас инспекторлар тобы да қатысты. Аға тәлімгердің айтуынша, білім ордасында жол белгілері қойылған арнайы бұрыш жасақталған. Оқушылардың жол қозғалысы бағытындағы білім-білігі түрлі байқауларда сыналған. Жыл сайын жас сақшылар үздік үштіктің қатарынан көрінеді. Жеңімпаз инспекторлар тобы бүгін тәртіп сақшыларымен бірге жүргізушілерге жол қозғалысының ережелері туралы жаднамалар таратты.
АҚБАЯН ІЗІМОВА
№40 ЖОББМ АҒА ТӘЛІМГЕРІ
Айта кетсек, аталмыш акция үш орында өтуде. Тұрғындар орталық базар, Әбілқайыр хан көшесіндегі сауда үйі және Зачаганск кентінде орналасқан қабылдау орнына жолығып, кеңес алуға болады.