0:00 / 0:00
Жолаушылар тасымалының сапасын арттыру- басты назарда. Осы мақсатта өткен жылдан бастап, автобустарға электронды төлем жүйесі енгізілді, көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы жолаушы тасымалдайтын 6 кәсіпорынға «БРК-лизинг» компаниясы арқылы елімізде құрастырылатын «Daewoo» маркалы 135 автобус алу жоспарланған болатын. Міне солардың бірқатары алдағы күндері жолға шығатын болады. Сала мамандарының айтуынша осылайша қоғамдық көліктердің ішінде ескіргендері 27 пайызға дейін төмендетуге болады. Қазіргі уақытта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы ауқымында «Uralsk Smartsity» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жол картасымен жұмыстануда. Енді міне бірер күннен соң су жаңа автобустар №43 қоғамдық көліктер маршрутына жұмысқа кірісетін болады.Естеріңізде болса өткен жылы қала ішінде жолаушы тасымалымен айналысатын «Ақжол-авто», «Оралтехсервис» пен «Батыс Дилижанс» компаниялары ресейдің Павлов аутобус зауытынан «Vektor» маркалы 35 автобус сатып алған болатын. Сонымен қатар №2 қоғамдық көліктің 15 маршуты жаңғыртылды. «Оралтехсервис» ЖШС директоры Александр Бакланның айтуынша биыл да 20 ға жуық автобус жаңартылады деп жоспарланып отыр.Биыл бөлінетін қаржы шамамен 169 млн. теңге. «Айта кетейік, Орал қаласы бойынша жолдың ұзындығы – 616 км. Соның ішінде 387 километрі асфальтталған. 2019 жылы 5,5 млрд. теңгеге 19 көше бойындағы 33 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Ал жыл соңына дейін барлық маршрут электронды билетпен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.