Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолаушы тасымалдаушылар электронды билетті кейінге қалдыруды сұрайды

c 16:57, 27/08/2018 c 664

0:00 / 0:00

Кәсіпкерлер палатасында өткен жиында орал қаласындағы қоғамдық көлік иелері осындай бұйымтайларын мәлім етті. Қоғамдық көлік иелерінің пікірінше, электронды билетке көшу барысы әлі жан-жақты жетілмеген және кәсіпкерлерге түсірер ауыртпалығы зор.

Электронды билетке көшу мәселесін жолаушы тасымалдаушылар құп көрмеуінің себебі-осы іспен айналысатын компания табысы заңдастырылып, электронды жүйе жан-жақты қарастырмаған деп санауында. Бұл қаламызда қанатқақты жоба ретінде іске қосылған болатын. Қазір қоғамдық көлікте жолақыны қолма-қол төлеу, смс арқы және электронды билет арқылы төлеу тәсілі қолданыста қалып отыр. Онсыз да мемлекеттен демеу қаржы ала алмай отырған жолаушы тасымалдаушылар бұл жүйеге көшуге дайын еместігін мәлімдеді. БҚО авто тасымалдаушылар ассоциациясы жергілікті кәсіпорындардың шығынын 3 млрд. теңгеге бағалап отыр. Ал жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болса, биыл қоғамдық көліктерге субсидия бөлініп, демеу жасалатынын хабарлады. Талап-автобус паркін жаңарту және жаңашылдықтарға дайын болу. Электронды билет жүйесі үлкен қалаларда бірнеше жылдан бері қолданыста бар. Ал қарапайым жолаушылар бұл орайда өзгерістерге бейімделу-уақыт еншісінде екенін түсінеді. Биыл жолаушы тасымалдаушыларға 170 млн теңге субсидия беріледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.