Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол үстіндегі өлім

c 09:29, 20/11/2020 c 482

0:00 / 0:00

Жолдағы апат, қауіп -қатер, өлім жітімнің 20 пайызы автокөліктердің соқтығысуынан тіркеліп жатады. Бір ғана Оралда жыл басынан бері 140-тан аса жол көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 167 азамат жарақаттанып, аяқ асты 19 жанның өмірі үзіліпті. Соның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын апаттар біздің шаһарда жиілеп кеткен. Соңғы 11 ай ішінде 18 оқиға тіркеліп, кәмелетке толмаған 2 бүлдіршін қаза тапты.
Бұл 17 қараша күні болған жағдай. 22 жастағы азаматша автокөлігімен 10 жасар баланы қағып кеткен еді. Жасөсіпірім ауыр халде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді, артынша жансақтау бөлімінде көз жұмды. Арада тәулік өтпей тағы бір бүлдіршін темір тұлпардың астына түсті. Осы жолы 1997 жылғы азамат тізгіндеген Камри көлігі Астана аялдамасында тұрған ер адам пен 6 жасар баланы қағып кеткен.
Соңғы тәулікте жол көлік оқиғасының артуына байланысты дереу түрде "Қауіпсіз жол" атты жедел профилактикалық іс-шара өткізілуде.
Шараның мақсаты-жол көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізуші куәлігінсіз темір тұлпарды тізгіндейтін азаматтарды анықтау. Мас күйде көлік рөліне отырған жүгенсіз жүргізушілер 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жыл бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

 

Автор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.