0:00 / 0:00
«Жедел жәрдем жетпей жатып қайтыс болды»...Осындай хабарларды көп еститініміз рас. Зардап шеккендерге көмек келместен бұрын ажал құшатын жағдайлар жиі кездеседі. Көшедегі жүз мыңдаған көліктен-ақ қозғалысы баяулайтын арнайы көліктерге жол бойында да кедергі көп екендігі жасырын емес. Арнайы көліктің жолға шыққанына 50 метр аспай-ақ алдынан кедергілер, жеңіл автокөліктер жол бермей көлбеңдейді. Бұны арнайы рейд барысында өзіміз де көрдік. Шетелдік көлік мінген жүргізуші дабыл қаққан жедел жәрдем мәшинесін көрмей қалды ме, әлде көрмегендей болды ма, алдынан кесіп өтті.
Бар жоғы жарты сағаттың ішінде жол полицейлері 2 көлік жүргізушісін тоқтатып үлгірді. Ал ереже бұзған көлік иелерінің бүгін жолы болмады. Заңнамаға сай хаттама толтырылып, 7 айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл да салынды.
Динара Абдулхалықова
Орал қалалық ІІБ ЖПҚ аға инспекторыБұл шара арқылы біз қоғамның назарын осы мәселеге аударғымыз келді. Себебі, арнайы жарығы мен дабылын қосып келе жатса да арнайы көліктерге біздің жүргізушілер жол бермейтін жағдайлары жиі кездеседі. Өрт сөндіру көліктері мен тәртіп сақшыларына өздерінің бастарына іс түспегендіктен жол бермейді десек, мәселен, жедел жәрдем көлігі сіздің де жақындарыңызға бара жатуы мүмкін ғой. Қариялар мен балалар да бар. Бізді бұл мәселе қатты алаңдатады.
Биыл медициналық көмектің жеделділігін қамтамасыз ету үшін жедел жәрдем көліктері ашық түске боялды. Бұл сары түсті өзге жүргізушілер алыстан көріп, жол береді деген үмітпен жасалған амал . Бір өкініштісі, сарыға боялса да, дабылын қосып келе жатса да жолға таластыратындар көп.
Полиция жедел көмек пен өртке асыққандардың қасынан күнде табыла бермесі анық. Сондықтан «әрбір минут, әр секунд өмір мен өлім аузындағылар үшін қымбат екендігін көлік жүргізушілері өздері түсінсе екен», - дейді ақхалаттылар.