0:00 / 0:00
«Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасы бойынша салынып жатқан көлік жолдарының сапасын бақылауда. Құрамында түрлі мамандары бар бақылаушы топтардың жұмыс нәтижесінде көптеген олқылықтың орны толтырылған. «Ұлттық жол сапасы активі» РМК жанынан жүзеге асқан жаңа жоба аясында биылғы жылы 30 жолдағы түрлі кемшіліктер анықталған.
“Сапалы жол - Адалдық алаңы” жобасы аясында Жақсығұлов және Орақбаев көшелерінде атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізілді. Қос көшеде де анықталған олқылықтар орны толтырылмаған Мәселесен, Орақбаев көшесі толықтай алдағы жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл ауыспалы жоба ретінде 2021 жылға қалып отыр. Мердігер мекеме «Иском» ЖШС. Осы орайда мердігер мекеме директоры құрылыстың жартысы аяқталғанын, ауа райының суытуына орай жоба толықтай алдағы жылдың еншісіне қалғанын мәлемдеді. Жақсығұлов көшесінің жолына күрделі жөндеу жоспарланған, мердігер "Разак" ЖШС. Аталмыш құрылыс компаниясы өз міндеттерін уақытылы орындамаған. Құрылыс жұмыстары өте жай басталған. Бүгінде бұл көшедегі 165 метр жолда жөндеу жүргізілген. Оның өзі де қажетті кей талаптарға сай келмейді. Сол себепті аталмыш жоба да алдағы жылы аяқталатын болады. Биыл Орал қаласындағы 10 жолдың құрылыс ауыспалы кезеңге қалған.