Бүгін қала орталығында жол көлік оқиғасы орын алып электр бағынасына залал келді. Абырой болғанда адам денсаулығына зиян келген жоқ. Куәгерлердің сөзінше Opel Frontera автокөлігі өзінге қарсы келе жатқан темір тұлпардан қашпақ болғанда, бағанаға соқтығысқан. Жағдай шамамен күндізгі уақыт 11-лер шамасында орын алған. Сала мамандары соңғы кезде мұндай жағдайлардың жиі орын алып жатқанын айтады. Сарайшық көшесінің бойындағы апат болған жерге «Жайық жарығы» ЖШС нің мамандары мен жол полицейлері де келді. Ал көлік жүргізушісі қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.