0:00 / 0:00
Қаланың орталығында жол көлік оқиғасы болды. Екі автокөлік Әбдіров пен Январцев көшесінде соқтығысты. Нәтижесінде бір темір тұлпар арыққа түсіп, қатты зақымданған болатын. Бір автокөліктің жүргізушісі жөндеу жұмыстарына дейін бұл аумаққа жол берген деген белгісі орнатылмады деген пікірімен бөлісті.
Полиция қызметкерлері бұл парадокс жағдайді бірнеше мәрте тілге тиек еткен. Мәселен, жүргізушілер жөнделмеген жолдарға көңілі толмай, кейін олар тас жолдар тақтайдай болып жөнделсе, ол учаскіде жол көлік оқиғалары көбейеді екен. Тамыздың бірінші жұлдызында таңғы сегіздер шамасында екі темір тұлпар бір жолға сыймай, жол көлік оқиғасы орын алды. Опель Вектор көлігін тізгіндеген жүргізушісі Әбдіров көшесімен ал, Хендай Элантра атты көлігі бар жүргізуші Январцев көшесінің бойымен келе жатқан.
Соққының салдарынан қос көлік арыққа құлап кеткен.
Абырой болғанда жол көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпеді. Алайда, тас жолда жол көлік оқиғаларын сақтауды естен шығармаған жөн болар.