0:00 / 0:00
Орал қаласында жол көлік оқиғалары толастар емес. Кеше Сырым Датов пен Гагарин көшелерінің қиылысында апат болып, салдарынан жеңіл көлікті тізгіндеген Өзбекстан елінің азаматы жан тапсырды. Оқиға түнгі екі жарымдар шамасында болған. Жеңіл көліктің жүргізушісі жолда апатқа түскен өзге темір тұлпарды тиеп жатқан эвакуаторға түйіседі. Соққының салдарынан жүк көлігінің жүргізуші жарақат алыпты. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарының басталғанын хабарлады.