Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол-көлік апаттарының себебі анықталды

c 18:48, 31/07 c 72

0:00 / 0:00

Жыл сайын 2000 қазақстандық жол көлік апатынан жан тапсырып, 19 мың адам түрлі дене жарақатын алады. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомство өкілі Олжас Бектеновтың алдында есеп берді. Үкімет басшысы бас полицейге жолдардың барлығында тәртіп орнатуды тапсырды.

Елде жол апаты көбейді. Бұған көліктердің саны артуы, жол сапасы мен тәртіпті ұмытқан жүргізушілер себеп. Көлік апатының артуы жол сапасына тікелей байланысты. Ел аумағында республикалық маңызы бар тас жолдың тек 3 пайызы ғана қауіпсіздік талаптарына сай. Бұл 95 мың шақырымды құрайды.

Ведомство өкілдері қала маңындағы жолдардың сапасы сын көтермейді,- дейді. Биыл 24 мың астам әкімдік пен көлік министрлігіне ұйғарым берген. Жолдарды күтіп ұстайтын 3,5 мың тұлға жауапкершілікке тартылыпты. Бектенов жол жүру қауіпсіздігі темір тұлпарлардың жағдайына тікелей байланысты,- дейді. Елде жыл сайын көліктердің саны артып келеді. Десек те, техниканың жағдайын сапасыз тексереді.

Министр Ержан Саденов 4 жолақ немесе одан да көп 6 мың шақырым жол салу керек,- дейді. Жол көлік апатының тағы себебі- жүргізушілердің жүгенсіздігі. Жиында көлік жүргізіп үйрететін мектептер сынның астында қалды.

Такси қызметінің жүргізушілері демалмай, күндіз-түні рөлге отыруы да жол апатын көбейтіп отыр. Олар не техникалық, не медициналық тексерістен өтпейді. Осы жайттардың салдарынан жол-көлік апаты артуда,- дейді министр Саденов.

СУРЕТ https://sozmedia.kz/ САЙТЫНАН ЖҮКТЕЛДІ

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.