Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол ашылды

c 03:22, 02/06/2020 c 503

0:00 / 0:00

Блок бекеттер алынды. COVID-19 жұқпалы инфекиясы таралып бастаған бетте елде Төтенше жағдай жарияланып, қалалар мен облыстар арасында блок бекеттер қойылғанды. Жалпы республика бойынша 400 блок бекет жұмыс істеді. Онда дәрігерлер, әскери қыземктерлер мен полицейлер және ерікетілер тәулігіне 24 сағат қызмет көрсетті. Енді міне 78 күн тынымсыз жұмыс істеген блок бекеттер алынып жатыр. 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні, Нұр-Сұлтан қаласын қоршап тұрған 6 блок бекет алынып тасталды.

Елде қауіпті індеттің таралуы толастар емес. Жалпы республика бойынша жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты. Дегенмен билік қалыпты өмірді қамту үшін карантин талаптарын жеңілдетіп жатыр. Бүгін түнгі 00.00 еліміздегі барлық блок бекеттер алынды. Түсірілім тобы елордаға кіретін Қарағанды тас жолындағы блок бекетті алып тастау рәсіміне куә болдық. Жолды жауып тұрған бетон блоктары алынып тасталды. 78 күн бойы тәулігіне 24 сағат тынымсыз жұмыс істеген әскерилер, дәрігерлер, полицейлер мен еріктілер өз міндетінен құтылды. Енді қалаға кіре берісте ешбір тексерулер жүргізілмейді. Алайда, блок бекеттердің алынуы карантин бітті дегенді білдірмейді.

Яғни қоғамдық көлікте немесе жеке көлікте болсын жолаушылар санитарлық норманы сақтап, бетперде киіп, залалсыздандыру құралдарын өзімен бірге алып жүруі керек. Дегенмен, облыс әкімдіктерінің шешімімен коронавирус инфекциясының ошақтары бар жерлерде жергілікті блок бекеттер орнатылуы мүмкін. Жалпы елде 400 блок бекет жұмыс істеді. Алматы маңайында 27 блок бекет қойылса, Нұр-Сұлтанда 6 блокбекет болды. Блок бекеттерде күн-түн қызмет еткендер ерен еңбегі үшін мараптталды.Сондай-ақ, бүгіннен бастап теміржол қатынасы жанданды. Бірінші кезеңде республика бойынша 54 поезд жолға шықты. Қазақстан темір жолы компаниясының өкілі 10 маусымнан бастап қосымша 36 поезд жолға шығады деп отыр. Ал одан әрі елдегі пандемия жағдайына байланысты халықаралық бағыттағы поездарды жіберу көзделген. Қазақстандық жолаушылар бұл күнді асыға күткені сезіледі. Елорда вокзалы бүгін лық толы.

Йорг Бесвер – «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары; «Осы бірінші аптада поездбен жолға шығуға сұраныс артып отыр. Біз басында шағын адамға ғана билет сатамыз деп ойлағанбыз. Алайда, 15 мамырдан бастап сатылған теміржол қатынасы билеттеріне сұраныс артып,қосымша 560 вагонды тіркеуге тура келді »

Жолаушыларға қойылатын талап қатаң. Вагоннан вагонға қонаққа баруға болмайды. Купеден себепсіз шығуға тиым салынған.
Ал қауіпті індеттің таралуы жолаушылардың саяхатқа шығуына кедергі болып отырған жоқ. Олар бұл күнге жеткеніне разы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.