Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол апатынан төрт адам қаза тапты

c 17:18, 26/02/2021 c 525

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді. Оқиға 26 ақпан күні Ақжайық ауданы аумағында болған. Сағат 03.29-да Атырау-Орал жолының 259-шақырымында Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде екі «Тойота Камри» автокөлігі соқтығысқан. Соның салдарынан екі көліктегі 4 жолаушы көз жұмып, алты адам Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілген. Қайғылы жол көлік оқиғасына не себеп болғаны туралы бүгін полиция сала мамандары түсінік берді. БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншинның айтуынша, 25-ақпан күні ауа райының нашарлауына байланысты аталмыш бағыттағы күре жолды сағат 00.00-ден бастап жабу туралы шешім қабылданған. Алайда такси жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Соның салдарынан жол үстінде жүргізуші рөлге ие бола алмай, екі көлік бетпе-бет түйіскен. Азаматтың полиция қызметкерлерінің талабына бағынбағаны жөнінде бейнежазба сақталған.Жол апатынан зардап шеккен 6 адам Тайпақ ауылының ауруханасына жеткізілді. Ақжайық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің ұялы телефон арқылы берген мәліметіне сүйенер болсақ, науқастардың барлығының жағдайы өте ауыр.Еске сала кетейік, жолдың дәл осы тұсында осыдан төрт күн бұрын, яғни 22 ақпанда «Лада Приора» және «Тойота Королла» маркілі автокөліктер соқтығысып, 6 адам көз жұмып, бір адам зардап шеккен болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.