Облыс орталығында қоғамдық көлік пен жеңіл машина соқтығысып, бір адам қаза тапты.Оқиға кеше, 3 тамыз күні кешкісін сағат 21.00 шамасында Пугачев пен Исатай-Махамбет көшелерінің қиылысында тіркелді.Куәгерлердің сөзіне қарағанда, №2 бағытта жүретін автобус пен ВАЗ-2110 автокөлігі түйіскен. Салдарынан жеңіл көлікте отырған екі адам ауыр жарақат алып, біреуі ауруханада көз жұмды.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қазіргі кезде жай-жапсары анықталып жатқанын жеткізді.