Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол апатынан аман қалған автобус жүргізушісі ұлынан айрылып қалды

c 18:48, 02/02/2018 c 1194

0:00 / 0:00

Естеріңізге сала кетейік, кеше, яғни 1-ақпан күні Желаев тас жолының бойындағы "Питстоп" жанармай бекеті маңында жол-көлік оқиғасы тіркелген болатын. Жолаушы тасымалдаушы автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан оқиға орнында бір азаматша тіл тартпастан мерт болды. Ал кондуктор болып жұмыс жасайтын жас жігіт алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Жалпы 15 адам түрлі дене жарақаттарын алып, аурухаға жеткізілсе, оның үшеуі-балалар.

Жұмабек Мухатов Трекин ауылынан Оралға жолаушы тасымалдайтын №74-ші автобустың тізгінінде отырған. "Питстоп" жанармай бекеті маңында Желаев тас жолының бойымен жүріп келе жатқан қоғамдық көліктің жолын кесіп өтпек болып қарсы бағытқа шыққан жүк көлігінің тіркемесі автобусты оңдырмай қағып өткен. Жүргізуші Мухатов қатты соққыдан көліктің алдыңғы әйнегінен ұшып түсіп, жүк көлігінің астына түсіпті.

Жол апатынан зардап шеккен әйел адам оқиға орнында тіл тартпастан о дүниелік болды. Қаңылтыр арасында қысылып қалған кондуктор жас жігіттті құтқарушылар шығарып алған болатын. Алайда ол ауруханаға жетер жолда көз жұмған.

Ішкі істер органының хабарлауынша, қазір арнайы сараптама жүргізу тағайындалған. Алдын ала болжам бойынша, жол көлік оқиғасына қарсы бағытқа шығып кеткен жүк көлігі кінәлі. Оқиға орнында ТЖД-нің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің бес жасағы жұмыс жасаған. Марқұмдардың туыстарына психологтар көмек көрсетуде.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.