Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол апатынан 9 адам зардап шекті

c 17:52, 02/02/2021 c 315

БҚО-да жол апатынан 9 адам зардап шекті. Оның біреуі 1 жасар бала. Оқыс оқиға 1-ші ақпан күні түскі сағат 13-00  шамасында болған. Ақжайық ауданы маңында "Орал-Атырау" бағытындағы тас жолда "Lada Largus" және "Datsun" көліктері соқтығысқан. Бастапқы деректер бойынша, "Lada Largus" көлігі ауа-райына байланысты жолдан шығып кетіп, қарсы бағыттағы темір тұлпарға соқтығысқан. Нәтижесінде, оқиға орнынан 9 адам аудандық ауруханаға жеткізілді. 1 жасар баланың жағдайы орташа. Бас миының шайқалуымен дәрігердің бақылауына алынып, ауруханаға жатқызылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.