БҚО-да жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, 3 адам қайтыс болды. Қайғылы жағдай Шыңғырлау ауданына қарасты Алмазный ауылы маңындағы "Самара-Шымкент" автожолында болған. 27 жасар азамат басқарған "Тойота-Камри" маркалі автокөлік батыс бағыттан келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Нәтижесінде 1992 жылғы азамат басқарған "Камаз" маркалі көлікке соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан мыжылып қалған "Тойота-Камри" автокөлігінің 2 жолаушысы сол жерде жан тапсырса, 3-ші жолаушы Қобда ауданының орталық ауруханасында көз жұмған. Жүргізуші мен жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы ауыр жағдайға ауруханаға жеткізілді.