Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол апаты көбейіп тұр...

c 00:00, 11/03/2015 c 652

0:00 / 0:00

Ауа-райының қолайсыздығынан қала тұрғындары бірінен соң бірі өз денелерін жарақатттап жатса, жолдағы көк тайғақтың кесірінен темір тұлпарлар тайып көшедегі қозғалысқа кедергі келтіріп тұр. Бүгін ала таңнан түскі уақытқа дейін шаһарымызда 5-тен аса жол апаты орын алып, салдарынан жолда ұзын сонар кептеліс пайда болды. Алғашқы жол апаты Салық басқармасы ауданындағы Құрманғазы көшесінде орын алды. Жолаушы тасымалымен айналысатын көлік жолдың тайғанақтығының кесірінен, басты жолға бұрылып жатқан лада 2110 маркілі жеңіл автокөлігімен соқтығысты. Жүргізушілердің айтуынша түндегі болған аяздың салдарынан жолда жүру қиындап тұр. Әкімшілік полиция қызметкерлері соңғы екі күнде түнде күннің күрт салқындауына байланысты, таңғы мезгілде көліктердің соқтығысу оқиғалары жиі тіркеліп тұр деседі. Жолдағы көктайғаққа мән бермей, жылдамдықты асырған жүргізушілердің салдарынан жол қозғалысына ауқымды залал келтірілуде. Казгидромет мамандарының мәлімдеуінше алдағы күндері ауа-райы қалыпты күйде сақталмақ. Сондықтанда әр дайымда жолда абай болғайсыздар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.