Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол апаты

c 18:05, 04/08/2020 c 604

0:00 / 0:00

3-тамыз күні жантүршігерлік жол апаты тағы бір адамның өмірін қиды. Айналдырған екі сағаттың ішінде осылайша 2 жол көлік оқиғасы тіркелді. Қайғылы жағдай қала маңындағы ауылдармен қатынайтын тас жолдың бойында орын алған.Бұл қала сыртындағы атап айтсақ, Желаев жолы бойындағы жол көлік оқиғасы. Қос жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 3 тамыз күні кешке қарай Желаев жолы бойында Бәйтерек ауданы Трекин ауылына жетпей, Hyundai мен «Лада Ларгус» автокөліктері бетпе-бет түйіскен. 40 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, қабырғалары мен жіліншігі сынған 1979 жылғы ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқандығын жеткізді.Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Жол апаты салдарынан марқұм аса ауыр жарақат алып, өмірі қиылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.