0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында демалыс күндері екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты Оқиға Атырау - Орал тасжолында орын алды. Ал адам өліміне соқтырған жол апаты «Самара-Шымкент» жолының 269-шақырымында орын алды. «ВАЗ-2110» автокөлігінің 1994 жылғы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, «Рено Логан» автокөлігіне соғылған. Салдарынан жүргізушінің бір оқиға орнында көз жұмды. Ал бүгін Орал қаласында да бірнеше жол көлік оқиғасы тіркелді. Сала мамандары аталмыш жағдайларға себеп болатын жәйттәрдің бірі - құбылмалы ауа райынан да дейді. Бүгін облыс орталығында орын алған жол көлік оқиғасының бірі - Жұлдыз шағын ауданында орын алды. Таңғы уақыт 10 ның шамасында орын алған көлік оқиғасы Евразия мен алаш көшелерінің қиылысында болды. №33 қоғамдық көлік пен трактор қатығысынан 10 жасар мектеп оқушысы мен 23 жасар қыз бала жедел жәрдемммен ауруханаға жөнелтілсе жарақат алған ер адам ем қабылдаудан бас тартқан. Екінші оқиға таң сәрісімен Деповская көшесінде тіркелді. Мерседес және Лада жеңіл көліктері соқтығысып қос темір тұлпарға да зардап келді. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Сала мамандарының таратқан ақпаратына сүйенер болсақ, соңғы үш күнде орал қаласында 25 жол көлік оқиғасы орын алған. Абай болайық.