Бөрлі ауданында жоғалған зейнеткер табылды. 30 қараша күні 1951 жылғы Д. есімді азамат Қызылтал ауылындағы үйінен сағат 16:00 шамасында шығып кеткен. Содан 1 желтоқсан сағат 10:30-ға дейін оралмапты. Туысқандарының айтуынша, есте сақтау қабілеті нашар көрінеді. Д. есімді зейнеткерді іздеуге Бөрлі полицейлері дереу кірісіпті. Нәтижесінде 2 сағаттың ішінде зейнеткер табылды. Ол Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы 2-ші қызының үйіне кетіп қалғаны болып шықты.