Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жобалау жұмыстарында қателік көп

c 17:57, 19/02/2021 c 418

0:00 / 0:00

Жобаны дұрыс жоспарлау бұл сапалы құрылыстың алғышарты. Алайда су жаңа нысанның түрлі кемшін тұстары араға уақыт салмай анықталып, кейде құрылыс жұмыстары кешіктіріліп аяқталатын кездер де болады. Қазынадан бөлінген халықтың қаражатының дұрыс игерілуі мен құрылыстың сапалы болуы үшін мамандар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруы керек. Ал жобалау барысындағы қателіктер ақшаның желге ұшуына әкеліп соғатыны жасырын емес.

Бюджеттен бөлінген қаражат халықтың мұң-мұқтажын түгендеп, қажеттілігін өтеуі қажет. Жылда қазынадан су тарту, үй мен жол салу үшін қыруар қаражат бөлінеді. Мемлекет есебінен әуелі жобалық-сметалық құжаттама дайындалады. Осы құжатты әзірлейтін мамандар түрлі олқылық жіберіп, жоба құнын жорта қымбаттатын жайттар тіркеліпті. Кейде мамандар метр мен километрді шатастырып, су тарту жұмыстарында артық гидраттарды жазып жіберетін көрінеді.

Облыс әкімінің орынбасары Ақжайық пен Бәйтерек аудандарында жобалық жұмыстарды жүргізген компания өкілін сұрақ астына алды.

Жобалық-сметалық құжаттардың дұрыс болмауының салдарынан тұрғын үйлерді салуда іркілістер болып, кестеге сай жұмыс жасалмайды. "Ал жобада қарастырылмаған дүниелерді құрылыс компаниялары өз есебінен толықтырады",- деп налыды Валентина Михно.

Негізінде жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік немесе жеке сараптамадан өтеді. Негізінде осы тексерісте барлық түзетулер енгізіліп, дұрысталуы керек. "Бірақ осы мемлекеттік сараптама қайда қарайды?"- деп Жаңақала ауданының әкімі бұқараға сұрақ тастады. "Жобалау мен құрылыс жұмыстары үшін қыруар қаржы бөлінеді. Бұл ақшамен үшінші ауылға су тартуға болады",- деп мысал келтірді әкім.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары тапсырыс беруші тарап, яғни басқармалар жоба сызылып жатқан кезде үнемі бақылап, тексеріп отырулары керек. Және атмінер қаланың архитектурасына шүйлікті. Қазіргі таңда облыс орталығында жер үйді сатып алып, оның орынына көпқабатты тұрғын үйлерді салу белең алған. Осы үйлердің не жобалық құжаттамасы рәсімделмейді, не инженерлік желілері тартылмайды. Не жөнді ауласы да болмайды. Мамандар жекеменшік құрылыс деп рұқсат береді. Ал сатып алған тұрғындар құжаттарын рәсімдей алмай әлек. Осы мәселені ортаға салған әкімнің орынбасары білімі жоқ архитекторлар қызметінен кетсін. Олардың орнына білікті маманды жұмысқа алайық деп ұсыныс тастады.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.