10 қараша күні таңғы уақыт 04.00-де ТЖД-ның қызметкері Дияс Демешев Аманжанұлы өмірімен қоштаспақ болған азаматты құтқарып қалды. Қызметтен тыс уақытында жұбайы және достарымен үйге қайтып келе жатқан жолда «Депо» аумағындағы көпірден жас жігіттің қоршау үстіне көтерілгенін байқайды. Осы мезетте ойланбастан Дияс көлікті тоқтатып оны тоқтатпақ болғанда жігіт құламаққа бел буады. Алайда бар күш жігерін бойына жиып, оны жоғары көтеріп алып шығады да жедел жәрдем мен полиция қызметін шақырады. Дәмешов № 7 өрт сөндіру бөлімінде еңбек етеді. Ол өзінің бұл әрекетін ешкімге тіс жарып айтпаған. Азаматтың бұл ерлігін таксистер мен оқиғаның куәгерлері бір тәулік өткен соң ғана әлеуметтік желіге жариялаған.