0:00 / 0:00
Қазақ қоғамы қашанда жетім мен жесірін тағдырдың тәлкегіне тастамаған. Бұған халқымыздың кеше өткен тарихы, салт-дәстүрлері мен даналық ой-пікірлері куә. Алайда, қазіргі заманда барлығы қарыштап бара жатқан қоғамда без бүйрек аналар мен жауапкершілігі жоқ әкелердің көптігінен ата-анасының көзі тірісінде жетім атанған қаракөздердің қарасы қалың. Олар ата-анасынан ала алмаған мейірім мен махаббатты мемлекеттен алып отыр. Оларды жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу міндетін мемлекет өз мойнына алып, балалар үйін салып, тастанды балаларын асырап отыр. Бүгінгі таңда еліміздің аумағында балалар үйінінің жанынан пилоттық жобаны іске қосу көзделіп отыр. Яғни, өмірде түрлі қиындыққа тап болған балаларға көмектесуге арналған орталық өз жұмысын бастамақ. Мұндай пилоттық жоба еліміздің бірнеше өңірінде жүзеге асып жатырған көрінеді.