Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕТІМ БАЛАЛАР САНЫ АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

c 17:48, 29/11/2021 c 961

0:00 / 0:00

Қазіргі таңда облыстық отбасылық үлгідегі балалар үйінде 29 бала тәрбиеленіп жатыр. Сала мамандары жыл санап ата-анасы түрлі жағдаймен бас тартқан сәбилердің саны азайып жатқанын айтады. Балаларды бауырына басып, тәрбиелеймін деген отбасылардың қарасы көбейген. Мамандар бұл қуантарлық жағдай деседі.

Бір кездері облыста жетім балаларды тәрбиелейтін 4 мемлекеттік мекеме жұмыс жасады. Биыл олардың саны біреуге дейін қысқарды. Қазіргі таңда облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылында 29 бала тәрбиеленіп жатыр. Олар төрт үйде өмір сүреді. Жыл санап тастанды балаларды бауырына басқан жандардың қатары көбеюде. Қазіргі таңда бүлдіршіндерді асырап алушы отбасылар арнайы курстан өтеді. Олар 3 айдың ішінде жетім балалармен қарым-қатынас құрып, мінез-құлқына бейімделіп, сәбиді жанұяға сіңдірудің қыр-сырын меңгереді. Бұл жобаның көмегі көп,-дейді мамандар.

Балалар бос уақытында түрлі үйірмелерге қатысып, жан-жақты тұлға ретінде дамуына көңіл бөлінеді. Ал сабақ кезінде оқу үрдісінен қалмай, әр пән бойынша тапсырамаларды орындайды. Олар кәдімгі жанұядағыдай бауырларымен бір шаңырақ астында өмір сүріп, өмірге бейімделеді. Баламен білікті педагогтер, психолог, әлеуметтік педагогтер жұмыстанады.

Бұл-Никита. Ол балалар ауылында тәрбиеленген. Қазіргі таңда қаладағы колледждердің бірінде мұғалім мамандығында оқиды. Бірінші курстың студенті келешекте дене шынықтыру мамандығын меңгеріп, облыс намысын түрлі додада қорғайтын спортшыларды тәрбиелеймін деп алдына мақсат қойған.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жасөспірімдер үйі де жұмыс жасайды. Студент атанған тәрбиеленушілер осында 23 жасқа дейін диплом алғанша тұрады. Мамандар әр қалада оқитын студенттерімізді каникул сайын күтеміз,- дейді. Осы үйде балаларды барынша әлеуметтік бейімдеуге көп көңіл бөледі.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.