Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жергілікті үлес артып келеді

c 09:16, 08/04 c 5

Қарашығанақ жобасы аясында «Жергілікті қамтуды дамыту және жергілікті өндірісті дамыту перспективалары» тақырыбында форум өтті. Форумға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев қатысып, 2025 жылға арналған жоспарларды талқылады өнеркәсібі ел экономикасының қозғаушы күші деген Мемлекет басшысы, осы салаға ерекше басымдық береді. Өңірдегі 790 өндіріс орнының 50-і жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындарға өз өнімін ұсынып отыр. Бұған қоса тағы 20 компания ауыл шаруашылығы өнімдерін қамти алады. Форумға келген кәсіпкерлер бұл көрсеткішті одан әрі кеңейтпек. Қайыржан Меңдіғалиев, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Форум мұнай-газ саласындағы тауарлар өндірісінің облыстың әлеуетті секторы екенін анықтады. Мәселен, Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы бүгінде мұнай мен газға қажетті арматура, резервуарлар, металл конструкциялар шығарып отыр. Оған қоса форум аясында кәсіпорындардың жаңа өнімдері таныстырылды.Бұл бағытта жалпы құны 200 млн долларды құрайтын 14 келісімшартқа қол қойылған. Осы орайда Энергетика министрлігі жергілікті кәсіпорындардың әлеуетін мен құзыретін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында кешенді жұмыс жүргізуде.Форум соңында КПО мен жергілікті кәсіпорындар арасында серіктестік қатынас жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Жиынның соңғы кезеңіне қатысқан Мұхтар Аққұлов өз ұсынысын жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.