0:00 / 0:00
Мәжіліс депутаттары жер туралы заңның жобасын тездетіп қабылдауды ұсынды. Депутат Айбек Паяевтың айтуынша, мораторийдің аяқталуына бір жылдан аз уақыт қалды,ал Үкімет тарапынан Жер кодексінің проблемалық мәселелерін шешу мақсатында тиімді жұмыстар атқарылмай жатар. Осыған орай, халыққалаулылары премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдап, жер мәселесіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жеделдетуді сұрады. Толығырақ Әселім Қалкеннің бейнематериалынан.
Жер дауы, жесір дауы. Өздеріңізге мәлім, жур туралы құжаттағы жерді шетелдіктерге сату мәселесі қоғамда үлкен дау тудырғанды. 2016 жылы уәкілетті органдардың заң нормаларын халыққа дұрыс түсіндірмеуінен, қоғамда пікірталас туып, қазақстандықтар ауылшаруашылық жерлерді сатып алуға мәжбүр, ал шетелдіктер жерді иемденіп алуы мүмкін деген оймен наразылық шерулері де өтті. Осыған орай билікпен жерді сатуға мораторий жарияланғанды. 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін қазақстандықтарға жеке меншікке беруге және оларды шетелдіктерге жалдауға беру нормаларын қолдануға жарияланған мораторийдің аяқталуына жыл жуық уақыт қалды. Ал үкімет тарапынан жер мәселесіне қатысты түсіндіру жұмыстар жоқ дейді депутат Паяев.
Парламент жер кодексін жедел түрде қабылдау керек деп санайды. Ол үшін Президент Тоқаевтың шұғыл тапсырмасы керек дейді мәжілісмендер.
Стендап.Не керек, тәуелсіздіктің 30 жылдығында жердің тағдыры шешіледі. Ал қазақстандықтарды мораторий аяқталған соң, жердің мәселесі не болмақ деген сауал мазалайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Жер шетелдіктерге сатылмайды» деп қадап айтты әрине. Дегенмен жерді жалға беру, қазақстандықтарға сату мәселесі әзірге ашық күйінде қалып отыр.