Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жер тозып кетті

c 09:44, 28/05/2021 c 535

0:00 / 0:00

Сенаторлар жайылымдық жерлер тозды. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді алға қою мәселесі  кенже қалып отыр дейді. Депутат Сұлтан Дүйсембинов үкіметке елдегі жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтендіру  жұмысын қолға алуды ұсынды.  Өздеріңізге мәлім, жер қатынастарын реттейтін заң Парламентпен қабылданғанды. Онда жерді шетелдіктерге сатуға, шеледіктерге жалға беруге тиым салынған. Енді  жерді Қазақстан азаматтарына сату немесе жалға беру мәселесі талқылануда. Ал иесіз  немесе иесі болса да пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлер деградацияға ұшырауда. Кей өңірлерде жайылым жерлер тапшы.

Жер мәселесіне әлі де болса нүкте қойылмады. Қазақ жері шетелдіктерге сатылмайды, шетел азаматтарына жалға бейрілмейді. Ол заң парламентпен қабылданды. Ендігі  мәселе Қазақстан азаматтарына жерді беруде болып тұр. Жер комиссия мүшелерінің бірі жерді ел азаматтарына сатуға қарсы. Тек жалға беру керек дейді. Шаруалар болса жер жекенің қолында болмай, дұрыс пайдаланылмайды деп сендіреді. Әзірге бұл дау шешілген жоқ. Ал ауылды жерлерде мал жаятын жер жоқ. Бұл мал басының азаюына әкеп соқты.  Депутаттар келтірген мәліметке сүйенсек, 1913 жылы елімізде мал басының саны 90 млнды құраса, қазір 30 млн мал бар. Әсіресе оңтүстік өңірлерде қатты сезілуде.  Ал сенатор жайылымның тапшылығын шешу үшін жайылымдарды ұзақ мерзімді басқару жөніндегі жоспарларды бекіту керек.  Сондай-ақ,  пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару  қажет дейді. Өйткені қараусыз қалған жерлер тозып кетті.

Сенатордың айтуынша, елдегі шарулардың басын біріктіру керек. Тек сонда ғана жерді тиімді қолданып, отандық өнімді өндіру әлеуеті артады. Себебі, жеке қосалқы шаруашылықтардың бәрінде бірдей жерді игеретін мүмкіндік жоқ. Үкімет шаруаларды кооперативтендіру  жұмысын қолға алуы тиіс дейді ол.

Ауыл шаруашылығын дұрыс жолға қойған  дамыған елдердің барлығы бұл салада кооперация тетігін табысты пайдалануда. Осылайша ол елдердің ауылдық жерлерінде еңбек өнімділігі артқан, қала халқын сапалы жəне арзан тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуде, тұрақты жұмыс орындары бар. Ал Қазақстанда жұмыссыздықтан ауылын тастап, қалаға көшкендер көп. Мыңдаған гектар жер иесі болса да қараусыз жатыр. Сенаторлар  жер мәселесін ұлттық деңгейдегі маңызды жоба ретінде жүйелі түрде қарастырмаса, жайылым мәселесі шешімін таппайды деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.