Орал қаласы мен Круглоозерный кентіне тиесілі жер телімдері аукционда саудаланды. Кезекті аукционға жеті жер учаскесі қойылған болатын. Шараға қатысу үшін 12 азамат өтініш берген. Жер учаскілері тек жарнама бағаналары мен флагштоктарды орнатуға арналған. Жер телімдерінің баршасы сатып алушыларға тек үш жылға жалға беріледі. Сала мамандары игерілмей қалған жер телімдерін азаматтарға жалға беру аукционы 7-ші қарашада ұйымдастырылатынын хабарлайды.
Арман Бисимбалиев,
Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы
Бүгін кезекті жер телімдерінің аукционын ұйымдастырып жатырмыз. Аукционға қатысуға он екі адам өтініш берген. Естеріңізге сала кетейік, алғашында жер телімдері тек үш жылға жалға беріледі. Егер сіздер осы аралықтың ішінде жерді толықтай пайдаланбасаңыздар ғана, заңнамаға сәйкес оны сатып алуға болады.