2017 жылы 2 кәсіпкерлікке арналған жер телімдерін сату аукционы мен ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған учаскеге бір байқау өткізілген. Әкімдік ұйымдастырған алғашқы аукционда 5 млн теңгеге жуық қаражатқа 8 жер телімі сатылса, алайда олардың екеуі өз ойынан бас тартқан. Ал екінші аукционда 5 жер телімі саттыққа шығарлып, 20 млн теңгеден астам қаржы өндірілген. Ең қымбат учаске 16 млн теңгеге сатылғанымен, сатып алушы кейіннен ақшасын төлеуден бас тартқан. Бұл азаматтың осы әрекетке әдейі баруы да ықтимал. Алайда, бұл іс үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылмаған көрінеді. Ережеге сай сатып алынған жердің құны 30 күн ішінде төленуі қажет.