Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР НЕНІ ЕСКЕРМЕЙДІ?

c 10:33, 01/06 c 71

0:00 / 0:00

Жыл сайын жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қыруар қаржы жұмсайды. Қазақстандағы ірі мұнай-газ операторларыболып табылатын Теңіз Шевройл, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарын пайдаланып жатқан компаниялардың сатып алуларына ерекше назар аударады. Жер қойнауын пайдаланушылардың барлық сатып алуларының 80%-ға жуығын осы үш оператордың сатып алулары құрайды. Қазақстан триллиондаған теңге жоғалтуда. Жер қойнауын пайдаланушылар қажетті тауарларды шетелден сатып алуға мәжбүр болатындай жергілікті тауарлар шынымен нашар ма? Әлде олар ішкі нарықтың жақсы болуына қарамастан басқа елдердің компанияларын әдейі қолдайды дейді ақжолдықтар.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Қолда бар ақпаратқа сәйкес, мемлекеттің қатысуы бар жекелеген компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық қамту үлесі нөлге тең сатып алуды өткізіп жүр. Яғни, қазақ жерінде жұмыс істеп, жер қойнауымыз есебінен байып жатқан сатып алуды ұйымдастырушылар отандық тауар мен отандық бизнесті мүлде елеусіз қалдырып жатыр. Еске салайық, Қ.Тоқаевтың конституциялық реформасы бойынша жер мен жер қойнауы Қазақстан халқына тиесілі. Ал, жер қойнауын пайдаланушылар мемлекетішілік құндылық үлесінің артуы немесе қызметі мен сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың болуы сияқты еліміздің ұлттық экономикалық мүддесін ескеруі тиіс».

Депутаттар ұлттық компаниялар мен ірі жер қойнауын пайдаланушыларға парламенттік бақылау енгізу қажет деп отыр. Экономиканы ырықтандыру туралы қаулыда Үкіметке «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдарының сатып алудағы қазақстандық қамтуды арттыру тапсырылған. Бірақ, іс жүзінде олай болмай тұр дейді Перуашев. Егер бұл қаулы дұрыс жұмыс істесе отандық кәсіпкерлікті, атап айтқанда, шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша серпін бере алатын маңызды бастама болар еді. Дегенмен, мұның екінші жағы бар. Жергілікті өнім қазақстандық сапа стандарттарына сай болғанымен, мұнай-газ операторлары өнімнің сапасына жиі шағымданады. Олар сенімділігі мен ұзақ қызмет мерзіміне байланысты қымбатырақ және уақытпен тексерілген импорттық материалдар мен жабдықтарды сатып алады. Сондай-ақ, мұнай-газ операторлары қазақстандық жеткізушілерге сенбейді. Себебі, жергілікті тауар жеткізушілердің құрал-жабдықтар мен материалдарды кешігіп жеткізуі жиі кездеседі.
Кез келген кешігу жұмыс кестесіне әсер етеді және өндіріс процесінің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде тұтастай алғанда компанияны шығынға батырады. Ал ірі операторлардың жұмысы бір күн тоқтап қалса 15 миллион АҚШ долларын жоғалтады. Сондықтан жер қойнауын пайдаланушылар тәуекелге бармайды, шығынға батқысы келмейді. Дегенмен, Қазақстан ұтылып отыр. Ірі компаниялардың біздің елден тауар сатып алуға ниеті жоқ. Ал Қазақстан үшін қолайсыз мұндай келісім-шарттар 40 жылға жасалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.