0:00 / 0:00
Заңсыз иеленген жерлерді қайтару мәселесімен етене айналысып жүрген депутат Базарбектің келтірген деректері көңіл қоншытпайды. Мәжілісмен республикалық жер комиссиясы мен оның инспекторларына жан-жақты заңсыз қысым көрсетілуде. Бұл жерлерді қайтару жұмысына кедергі болып отыр дейді. Осы орайда Бақытжан Базарбек вице-премьер Нұрлан Байбазаровтың кәсіпкерлерден түскен арыз өтінішінен кейін негізсіз хаттамалық шешім шығарғанын айтады. Статистикаға көз жүгіртсек, жалпы көлемі 55 мың гектар аумақтағы 72 жер бойынша жер иелері инспекторлардың заңды талабын орындамады.
Жалпы көлемі 47 мың гектар болатын 263 жер бойынша материалдар сотқа жіберілді, ал 20 мың гектар болатын 136 жер бойынша іс сотта қаралып жатыр дейді депутат.
Сондай-ақ, «Жер аманаты» жер комиссиясы Жамбыл, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында орын алған жағдайларды тізіп шықты. Мысалы, Тараз қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің ортақ кондоминиуміне кіретін аула жерлерін ірі кәсіпкерлерге құрылыс жүргізуге заңсыз берілген. Пауладар өңірінде 95 шаруа қожалығына берілген жалпы көлемі 53 мың гектар ауыл шаруашылық жерлердің халықтың мал бағатын жерлердің қатарынан берілген. Ал БҚО мен Орал қаласы бойынша жағдай тіпті ушығып отыр. Жергілікті билік комиссиядан заңсыз фактілерді жасыруға барынша тырысқан. Сондай-ақ, депутат экс-президенттің күйеубаласы Құлыбаевтың да аты аталған жерлерге қатысы дау бар дейді.
БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жерлерін қайтрауға қатысты аты-шулы іс бойынша бизнес-орталық салатын жерінен сот шешімімен айрылып қалған Тимур Құлыбаевтың фирмасы Алматы қаласының әкімдігінен 34 млрд теңге төлеуді талап еткен.Яғни сотта жеңіліп қалған компания өзінің құрылысқа заңсыз салған қаражатын әкімдіктен шығарып алмақшы»
Депутат Базарбектің айтуынша, мұндай мысалдар жер телімдерін заңсыз таратқан әкімдіктердің бәрінде орын алатынына күмән жоқ. Осыған байланысты мәжілісмен Бас прокурордан заңсыз иеленген жерлерді қайтару жұмысына кедергі жасап отырған мемлекеттік органдардың жұмысына құқықтық баға беруді сұрады.