Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕР ҚАТЫНАСЫ РЕТТЕЛЕДІ

c 10:10, 24/01/2023 c 96

0:00 / 0:00

Ауыл шаруашылық министрлігі малын жаюға жер таппай отырған халықтың проблемасын мемлекетке қайтарып алған жерлер есебінен шешпек. Өткен жылы 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жұмыс одан әрі жалғасып, өткен жылмен салыстырғанда тексерулер саны 9 есеге, ал тексерумен қамтылған аумақ 21 есеге өскен. Бүгін өткен ауыл шаруашылық минситрлігінің алқа мәжілісінде, аграрлық саланы дамыту жолдары айтылды.

Латифундистердер заңсыз басып алған жерлер ел меншігіне өтіп жатыр. Президенттік тікелей тапсырмасына орай, 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспары мерзімінен бұрын орындалды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, малын жаюға жер таппай отырған халықтың проблемасын мемлекетке қайтарып алған жерлер есебінен шешпек. Ең алдымен ауылдық елді мекендердің шекаралары мемлекетке қайтарылған жайылымдық алқаптар мен жерлер, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін алынған жерлер есебінен кеңейтіледі. Снай-ақ, ауыл шаруашылығы құралымдарымен олардың жайылымдарын жеке қосалқы шаруашылықтардың уақытша пайдалануы туралы меморандумдар жасалады. Жайылымдарды басқару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде оларға босалқы жерлерден жайылымдық алқаптар бере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясы бойынша жұмыс жүргізілмек.

Өткен жылмен салыстырғанда жерді пайдалану заңдылығын тексерулер саны 9 есеге, ал тексерумен қамтылған аумақ 21 есеге өскен. Министрлік ауыл халқын малын жаятын жермен қамти отыра, биыл ауыл шаруашылығындағы субсидияны игеру ережесін қатаңдатып отыр. Министр Ербол Қарашөкеев барлық субсидиялар жалпы сипаттағы трансферттермен жергілікті бюджеттер базасына берілгенін айтты. Алдағы екі жылда мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 400 млрд теңгеге жеткізілді. Облыс әкімдіктері агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға бюджет қаражатының ең төмен көлемін бөлуді қамтамасыз етуі қажет, - деді министр. Ал субсидияның қаражатын мақсатсыз пайдаланғандарға арнайы санкция салынады. Сондай-ақ, министрлік пилоттық жоба ретінде 4 пайызбен несие беруді көздеп отыр.

Бұл несие құс фабрикасын салуға, сүт өнімдерін өндіру, көкөніс өсіру, көкөніс сақтайтын қоймаларды салуға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.