0:00 / 0:00
Бірінші Лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 15-турын "Ақжайық" сырт алаңда "Ақтөбе Жас" командасына қарсы өткізді. Ойынның алғашқы бөлігі оралдық команданың сәл басымдығымен есте қалды. Десе де тайм түгесілер шақта қарымта шабуылдарын тамаша пайдаға асырған "Ақтөбе Жас" бірінші таймды пайдасына шешті. Екінші таймда ойын тізгінін қолдарына алған "Ақжайық" футболшылары Мелло Джакомо көмегімен есепті теңестіріп, кейін Ерболат Рүстемов ақтөбеліктер қорғанысының қателігін сәтті пайдаланып, командасын алға шығарды. Ал матч нүктесін қарсылас қақпасының ондығын дәл көздеген Әділет Болатов қойды.