0:00 / 0:00
Бүгін өңірімізге ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен іс-сапармен келді. Жұмыс сапары барысында министр "Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Орал-Тасқала-Ресей Федерациясы шекарасы» жолдарының қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Толығарақ жұмыс барысы туралы алдыңғы сюжетте.
Алдымен Орал халықаралық әуежайының жаңғыртылу жұмыстарымен танысқан ҚР Инвестиция және даму миністірі Жеңіс Қасымбек кейін Орал-Тасқала-Ресей бағытындағы халықаралық жолдың құрылысын назарға алды. Жалпы ұзындығы 100 шақырым, ені 7,5 метр болатын, екі қозғалыс жолақты бұл жолға Ұлттық қордан 23 194, 98 млн. теңге бөлінген. Бүгінде аталмыш құрылыспен Мердігер компания - «Uniserv» ЖШС шұғылдануда. Жолдың жобасымен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ ның өкілдері таныстырды.
БЕРІК ЖЕЛДІКБАЕВ - «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
" - 100 шақырым жолдың былтыр 27 шақырымын аяқтап, мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес қолданысқа берліді. Қазір қалған бөлігі жөнделуде. Жол бойында үш асфальт-бетон зауыты жұмыс жасап тұр. Жұмысты бітіруге барлық жағдай жасалды. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары да атқарылатын болады".
Болашақта транзиттік көлік ағынына айналатын халықаралық бағыттағы жолдың құрылыс жұмыстарына қанық болған министр Жеңіс Қасымбек бұдан бірнеше жыл бұрын тасқын судың нәтижесіне айтарлықтай апатқа ұшыраған жолдың алдағы уақыттада осы мәселемен бетпе-бет келмесі үшін тиісті шаралардың атқарылуы тиіс екенін тілге тиек етті.
Бұл мәселенің де шешу жолдарын қарастырған сала мамандары осы жолда коммуналдық жол пайдалану мекемесінің мамандарынын құралған бір топтың халықаралық жолды күту жұмыстарымен шұғылданатынын мәлімдеді.
Осы орайда облыс әкімі Алтай Көлгінов мердігер компания өкілдерінен ең бастысы жұмыстың сапалы орындалуы қажет екенін тағы да ескертті.
Алтай КӨЛГІНОВ - БҚО ӘКІМІ:
"- Ең бастысы жұмыс сапалы атқарылуы тиіс. Қаржыландырудан ешқандай мәселе жоқ. Ал өткен жылы жұмыстың уақытылы орындалмауы жол құрылысына қажетті шикізатты уақында сатып алмағандықтарыңызда. Сол себепті биыл мұндай мәселе болмауы тиіс".
Алдағы уақытта 10-13 тоннаға дейінгі ауыр салмақты көтеруге лайықталған халықаралық жолдың жұмыстары үстіміздегі жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
НИКОЛАЙ КОНДАПУЛО - «UNISERV» ЖШС НЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:
"- Бүгінгі таңда жолдың ең төменгі бөліктеріне қиыршық тастар төселуде. 9 шақырымы аяқталып қалды. 300 ден аса техникамен 3 аймақта жұмыстар атқарылуда. 73 шақырым жолды толықтай аяқтау жоспарымызда бар. Жолдың бойында тұтынушыларға арналған арнайы демалыс орындары мен кәсіпкерлік субьектілері бой көтеретін болады".
Министр Жеңіс Қасымбек Тасқала жол жөндеу жұмыстарына қанық болған соң Жалпақталға бет алды. Яғни «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» жолы бойындағы жасалып жатқан жұмыстарды көзімен көріп, мамандардың қатысуымен БҚО-дағы автокөлік жолдарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізуді жоспарлауда.