Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ИПОТЕКА ЖЕҢІЛ МЕ?

c 09:29, 11/12 c 2

0:00 / 0:00

Баспана кезегінде тұрған қазақстандықтар өз кезегін жылдар бойы күтуге мәжбүр. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 6,4 миллион адам ғана жеке баспанаға ие. 645 мыңнан астамы жалға берілетін мүлікті алуға кезекте тұр. Оның 39,4%-ы халықтың әлеуметтік осал топтары. "Қазақстан Құрылысшылар Одағы" Қазақстанда 2,5 млн адам баспанасыз. Алдағы 5-6 жылда урбанизация үрдісіне байланысты үйге мұқтаждар саны бірнеше миллион адамға жетуі мүмкін деген болжамды алға тартады. Ал мемлекеттік жеңілдетілген баспана бағдарламалары мәселені толық шеше алмауда. Кейбір өңірлерде тіпті баспана тапшлығы орын алып отыр.

Биылғы жылы енгізілген “Наурыз” және “Отау” бағдарламалары бойынша 68 мың 700 ұсыным берілген. Бұған дейін Наурыз және Отау бағдарламалары арқылы 9 370 отбасы жаңа баспана алған. Жеңілдетілген ипотеканың талаптарын бәрі бірдей көтере алмайды. Өкінішке оарй бастапқы жарнаға ақша жинай алмай отырғандар да бар. Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендететінін хабарлады.

Сондай-ақ, Ибрагимова үкімет отырысында жеңілдетілген баспана несиесін дамыту үшін бюджеттен 8 млрд 180 млн теңге бөлуді сұрады. Бұл қаражат 2025 жылы “Наурыз” бағдарламасын табысты іске асыру үшін қажет. Аталған бағдарлама жас отбасылар арасында сұранысқа ие. Сондықтан банк жұмысын әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр, – деді ол. Дегенмен, қолжетімді ипотекалық бағдарламалар толыққанды қолданылып жатқан жоқ.

Үкімет басшысы құзырлы органдарға баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін жаңарту тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.