Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ

c 18:51, 02/05/2023 c 114

0:00 / 0:00

Аты шулы жеңлідетілген төрт пайыздық автокредит талаптары қатаңдатылады. Бұл жайында индустрия министрі Марат Қарабаев үкімет үйінде тілшілерге берген сұхбатында айтты. Енді бұл автонесиені алу үшін қазақстандықтар 10 пайыздық бастапқы жарна төлейді. Автонесиені алушылардың жалақысына да назар аударатын болады. Енді айлығы көптер бұл несиеден қағылады. Бағдарламаға Hyundai Tucson, Kia Sportage маркалы автокөліктер қатыстырылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев бұл талаптар бір айдың ішінде қаралып, енгізіледі деді.

Еске сала кетейік, 4 пайыздық автонесие бастапқы жарнасыз жеті жылға беріледі. Несие көлемі 10 миллион теңгеден аспауы керек. Енді бұл жеңілдетілген автокредитке қатысты тағы да өзгеріс енгізіліп, талап күшейтілетін болды. Үкімет автонесие жүйесін қайта қарап жатыр. Төрт пайыздық несиемен автокөлік алған қазақстандықтардың аты-жөні көпшілікке жарияланады. Енді бұл несие бастапқы жарнамен ғана беріледі.

Министр бюджеттік машиналарға көбірек ақша бөлеміз деп отыр. Айтпақшы жеңілдетілген автонесие бағдарламасына Hyundai Tucson, Kia Sportage маркалы автокөліктерін қатыстыру қарастырылуда. Ал жалақысы қомақты азаматтар төрт пайыздық несиеден қағылады.

Индустрия министрінің айтуынша, осы уақытқа дейін аталмыш бағдарлама бойынша револьверлік жүйеде 4 миллиард теңге қайтарылды. Ол ең көп дегенде 400 автокөлікке жетеді. Қарабаев жиналған қаражат 500-ден астам көлікке жеткенде, яғни 5 миллиард теңге ақша қайтарылғанда ғана жариялаймыз деп отыр. Яғни енді бір миллиард теңге жинау керек. Министрлік көпшілік қол жеткізе алмай жатқан жеңілдетілген автонесие талаптарын қатаңдатып, өзгерістерді бір айдың ішінде жарияламақшы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.