0:00 / 0:00
Өткен жылы 40 тұлға сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, пара алған үшін сотталды. Олардың ішінде 10 азамат бас бостандығынан айырылыпты.2018 жылы облыс көлемінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты 86 қылмыс тіркелген. Өткен жылдармен салыстырғанда аталмыш қылмыс түрі 5,5 пайызға кемігендігі анықталыпты. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, тергеу жұмыстары аяқталған 79 іс сотқа жолданған.
Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары жемқорлықтың қоғамға қандай қауіп төндіріп тұрғандығын, жең ұшынан жалғасқан қылмыспен күресудің маңыздылығына тоқталды.
Жемқорлармен күресу үшін өткен жылы облыс көлемінде "Ақжайық-адалдық алаңы" да өз жұмысын бастағанды. Қоғамның ілгері дамуына кедергі жасайтын қылмыспен күресте сандық формат көмекке келмек. Яғни, қай салада бармақ басты көз қысты әрекет орын алуы мүмкін дегенді білмек үшін "Ақжайық- адалдық алаңының" телеграмм каналында арқылы арнайы парақшасы пайда болмақ. Сол парақшаға ақпарат бөлісіп, жемқорлықпен күресте көмектесуге де болады. Сондай-ақ, заң алдында жауапкершілікке тартылмау үшін қасақана пара берген азаматтармен күресу ісі жолға қойылмақ.