0:00 / 0:00
Биыл БҚО-да 100-ден астам жемқорлық қылмысы тіркелген.Бұл туралы ҚР жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің мамандары хабарлап отыр. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың кесірінен мемлекетке 190 млн теңгеге жуық шығын келіп, 40 тұлға сот алдында жауапкершілікке тартылған. Осы парақорлықпен күресу үшін мемлекет басшысы жақында жаңа заңға қол қойған болатын
2019 жылы БҚО 100-ден астам жемқорлық қылмысы тіркелген. Бармақ басты көз қыстыдан келген шығын мөлшері 190 млн теңгеге жуықтайды. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа жол берген 40 тұлға сотты болыпты. Жақында Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылында орналасқан мектептің директоры пара алғаны үшін сотталды. Білім ордасының басшысы жұмысқа орналасу үшін 300 мың теңгені қалтаға баспақ болыпты. Сот үкімі бойынша жемқорлыққа жол берген мектеп директоры 9 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Сала мамандары аталмыш басшысының үстінен бұрында іс қозғалғанын айтады.
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тойтарыс беру үшін мемлекет басшысы жаңа заң жобасына қол қойды. Аталмыш заңнама аясында саяси лауазымды қызметкерлер жемқорлықпен ұсталып, іс қозғалса, оның басшысы өз еркімен 10 күннің ішінде отставкаға кетеуі керек. Саяси лауазымды қызметкерлерге министрлер, олардың орынбасары мен облыс, қала мен аудан әкімдері және олардың орынбасалары жатады.
Жемқорлыққа жол бергені үшін бірінші басшысы қызметінен кететін заң жобасы 1-ші қаңтардан бастап өз күшіне енбек. Осы жылдың аяғына дейін үкімет заңнаманың орындалуы үшін арнайы қаулы қабылдауы тиіс.