0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданының әкімдігі 30 млн теңгеге көлемі 40-тан 60 шаршы метрге дейін пәтер сатып алуды жоспарлаған. Мұндай баға аудан түгілі, елордада жоқ дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов. Аудан әкімдігінің бұл қисынсыз әрекеті анықталып, агенттіктің ұсынысы бойынша пәтер бағасы 6 есеге, яғни 5 млн теңгеге дейін түсті. Жалпы елдегі жемқорлық әлі тыйылар емес. Аталмыш агенттік 658 мемлекеттік қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тартты. Оның 61 басшылық қызметтегілер. Арасында бір вице-министр, үш судья, жеті әкім мен орынбасарлар бар. Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жарты жылдық қорытындысы бойынша алқа отырысында айтылды.
Тамыры тереңге кеткен елдегі сыбайлас-жемқорлық тыйылар емес. Қылмыстық жаза күшейтіліп, талай лауазымды тұлғалар сотталып жатса да қазына қаржысына қол салушылардың тәбеті таусылар емес. Бюджет қаражатын жымқыруды әртүрлі тәсілдер қолданылуыда. Мысалы, Батыс Қазақстан облыстының Қазталов ауданының әкімдігі 40-60 шаршы метр пәтердің құнын алты есеге асырып көрсетіп, 30 миллион теңгеге сатып алмақшы болған. Олардың бұл әрекеті тоқтатылды.
МАРАТ АХМЕТЖАНОВ – ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ "Мәселен, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының әкімдігі 30 млн теңгеге көлемі 40-тан 60 шаршы метрге дейін пәтер сатып алуды жоспарлаған. Мұндай бағаның тіпті астанада жоқ екені белгілі. Біздің ұсынысымыз бойынша бағасы 6 есеге, яғни 5 млн теңгеге дейін түсті"
Агенттік төрағасының мәліметінше, егер өткен жылы 40 млрд теңгенің артық шығыны анықталса, осы жылдың тек 6 айында 36 млрд теңгенің шығыны анықталған. Бағаның көтерілуі - бұл пара беру мен алудың алғашқы қадамы, - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы. Сондай-ақ, шешеуніктердің өмір сүру салты алып отырған жалақысымен сәйкестігін бақылау қолға алынбақ. Яғни мемлекеттік қызметкердің айлығына зәулім үйде тұрып, қымбат көлік мініп жүру мүмкін емес. Ал лауазымды тұлғалардың шетелдегі есеп-шоттары болуы да күдік тудырады. Елдің барлық тұрғындары жалпыға бірдей декларациялаумен қамтылған кезде новелла жұмыс істей бастады. Қазақстан дамыған елдердің салық ақпаратын Автоматты алмасудың Дүниежүзілік жүйесіне қосылуда. Оның көмегімен шетелдік шоттар мен активтер туралы мәліметтер алу мүмкіндігіне ие боламыз. Енді жемқорлар ақшаны шетелде жасыра алмайды, - деген сенімде Ахметжанов мырза. Осылайша шенеуніктердің негізсіз баюына жол жоқ. Дегенмен, жемқорлықпен екі қолын сыбана күресіп жатқан агенттік қызметкерлері қатарында да жемқорлар жоқ емес. Президенттің көмекшісі Антикордың жеке құрамы жемқорлықтан таза болуы керек деді.
ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ «Антикордың жеке құрамы жемқорлықтан таза болуы керек.Жақында Атырау облысында жедел қызметкердің аса ірі көлемде парамен ұсталуы осыған дәлел. Осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Мұндай деректер қоғамда негативті пікірді көбейтеді. Сондықтан жеке құраммен жұмысты күшейту қажет».
Елде жемқорлық көрсеткіші күн сайын көбейіп келеді. Ағымдағы жылдың жарты жылында 658 мемлекеттік қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 61-і басшылық қызметтегілер. Арасында бір вице-министр, үш судья, жеті әкім мен орынбасарлар бар.