0:00 / 0:00
Ағымдағы жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 600-ге тарта сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, 57 лауазым иесі ұсталып, 54 адамға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Азаматтардан келіп түскен шағымдар көлемі де артқан. Соңғы екі айда 1600 аса өтініш түскен.
Тамыры тереңге кеткен сыйбайлас-жемқорлықпен күрес қаншалықты күшейтілгенімен,парақор, жемқорлардың тәбеті таусылар емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы жылдың үш айында 600-ге тарта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркеліп отыр. 57 лауазым иесі ұсталып, 54 адамға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Халықтың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтитын салаға бюджеттен миллиардтап қаржы бөлінетін. Агенттік өкілінің айтуынша, осы саладағы сыбайлас-жемқорлық фактісі биыл 26 пайызға артқан.
Данияр Бегайдар – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі «Қылмыс тәжірибесінде жемқорлық осы салада 26 пайызға өсті. 2020 жылы 147 қылмыстық іс бойынша 29 тұлға сотталды. Бюджет қаражатын жымқыру, парақорлық, лауазымын асыра пайдалану фактілері орын алды».
Бұған дейін ауыл шаруашылық министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадалағау комитетінің басшысы 7 мың тоннадан астам тиым салынған құс етін ел аумағына кіргізуге рұқсат бергені мәлім болғанды. Комитет басшысы осы заңсыз әрекеті үшін жүйелі түрде ірі көлемде яғни 37 миллион теңге пара алған. Ол қылмысы үшін Хасенов 8 жылға сотталды. Өкінішке орай аулы шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтау жұмысы әлі де болса төмен. Рұқсаты жоқ азық-түлікті тасымалдау фактілері орын алуда. Өңірлерде құрылыс саласында жер телімдерін заңсыз беріп, пара алған шенеуніктер, әскери салада пара алып лауазымға тағайындау фактілері де тыйылар емес. Азаматтар тарапынан келіп түскен шағымдар мен өтініштер саны да артып отыр.
Нұрлан Садырбеков - ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы ІС-қимыл агенттігінің басқарма басшысы «Осы жылдың 2 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1 676 өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 8%-ға көп. Бұл сан жыл сайын артуда. Орталық аппаратқа келіп түскен өтініштердің үлесі 30%-ды, яғни 8 969 өтінішті құрайды»