Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлық-қауіпті симптом

c 09:30, 20/08/2020 c 681

0:00 / 0:00

Сыбайлас жемқорлық жөнінде жүйелі түрде ескертіп отыруға  ерекше мән берген жөн. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту. Цифрландырылған  Мемлекеттік қызмет көрсетуді тездету, Бизнесті жемқорлықтанқорғау, қоғамдық бақылауды күшейту. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен елдегі сыбайлас-жемқорлықпен күрес кеңесінде осы бес бағыт бойныша жұмыс істеуді тапсырды.

Елде тамыры тереңге кеткен сыбайлас-жемқорлықпен күресу оңайға түспей отыр. Заң да қатаңдатылды. Бірақ ақша көрсе жолынан тайып кететін шенеуніктердің  тәбеті артып барады. Тіпті қауіпті індет жайлап жатқан ауыр кезеңнің өзін пайдасына асырғандар бар.

Қасым –Жомарт Тоқаев –ҚР Президенті «Күнделікті өмірде жемқорлық жағдайларына тап болған жұрт шарасыз күйге түседі, әділдіктің бар екеніне сенбейді. Пандемиямен жалпы ұлттық деңгейде жаппай күрес жүріп жатқанда пайда табу үшін адам қаншалықты арсыз болуы керек? Мысалы, Алматыдағы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды»

Ағымдағы жылы 912 адам сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мемлекет басшысының айтуынша, жемқорлық бойныша жауапқа тартылғандар саны 11 пайызға арттқан. Шенеуніктердің ішінде екі облыс әкімінің де бар екенін ерекше атап өтті. Осының өзі – "өте қауіпті симптом".

Сондай-ақ, Президент жемқорлық бизнестің дамуына да кедергі болып отыр деді. Бизнесі өркендеп тұрғандарға рейдерлік жасау фактілер де көп. Соңғы бес жылда  ішінде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген 11, рейдерлік жасаған 7 адам сотталғанын атап өтті.

Сыбайлас-жемқорлықпен күресуде қоғамдық бақылауды күшейту керектігі айтылды. Тоқаев мемлекеттік органдар жағдайды түзеуге қаншалықты тырысса да, олар қоғамның қолдауынсыз табысқа жете алмайды. Жоғары оқу орны, колледж, тіпті, мектептердегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты да шағымдар  көп түседі.  Жол сапасы да халықтың көңілінен шығып отырған жоқ. Оған жұмсалған қазынаның қыруар қаржысы бақылаусыз. Ал кәсіпкерлер жер комитеті, өртке қарсы қызмет, салық және кеден органдарын жемқорлық жайлаған деп есептейді.

Қасым –Жомарт Тоқаев –ҚР Президенті «Бөлініп жатқан қаражат мұқият әрі тиімді жұмсалуға тиіс. Бұл – әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек деген сөз.   Әсіресе, қазіргі жағдайда еш пайдасы жоқ және қажетсіз іс-шараларға қаражаттың шығындалуына  қоғамның қалай қарайтынын көріп отырмыз.Сондықтан, мұндай мәселелерге  болары болып, бояуы сіңгеннен кейін емес, алдын ала мән беру – өте маңызды».

Тоқаев, млрдтар қолды болғаннан кейін, жемқорлық үшін ұсталғандарды жариялап елді таң қалдыра алмайсың деді.  Президент жемқорлықпен күрес жұмысын түбегейлі өзгерту кереткігін айтты. Ол үшін мемлекет пен халық бірігіп күресуі қажет.

Қасым –Жомарт Тоқаев –ҚР Президенті «Басшы өз қызметкерлерінің заң бұзушылығын жасырмауы керек. Әрбір әкім және министр жұмсалған қаражатқа ғана емес, оны дұрыс жоспарлауға да жауапты болуға тиіс. Нақ осы тұста сыбайлас жемқорлыққа бару қатері көп болуы мүмкін. Сондықтан, әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі.Бас прокуратураға осындай бағалау жүйесін  әзірлеуді тапсырамын.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың қызметіне жөнсіз араласуды доғарған жөн деді Президент.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.