«Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы күресте көмек қолын созған азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы беріледі». Бүгінде сыбайлас жемқорлық жолымен алған қаражаты немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК - тен 2 млн 917 мың теңге аспаса, құқық бұзушылық фактісі жайлы мәлімдеген тұлғаға төленетін ақы қылмыстың ауырлығына байланысты 30-дан 100 АЕК - ке дейінгі соманы құрайды. Сыбайлас жемқорлық фактісі аталған сомадан артық болса - сыйақы 10% - ды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды, яғни 11 млн 668 мың теңге төленуі мүмкін. Жыл басынан бері екі облыс тұрғынына сыйақы берілген. Айта кету керек, ынталандыруды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.