Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлардың тәбеті

c 20:29, 28/02/2020 c 541

0:00 / 0:00

Сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейгенімен, парақорлардың тәбеті артып жатыр. Жыл сайын жемқорлық фактісі өсуде. Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі , жол полицейлері пара алуын қояр емес. Баланы қалаған мектебіңе орналастыру, жоғарғы оқу орындарындағы  емтихан тапсыру  үшін де бекітілген сомада пара алу жүріп жатыр. Апта сайын өтетін агенттіктің брифингінде жемқорлық фактісі жйүелі түрде тіркеліп отырғанын байқаймыз.

Сыбайлас жемқорлықпен белсене күресіп жатқан агенттік өкілдерінің хабарлауынша, тек бір аптада 70 жемқорлық фактісі тіркелген.Пауладар облысының шенеуніктері заңсыз түрде тарифті 150 млн теңгеге өсірген.

Қайсар Баржақсынов - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеушісі; «Пауладар облысының жемқорлыққа қарсы күрес қызметі табиғи монополияларды реттеу департаментінің экс басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.Онда лауазымын асыра пайдаланып, заңсыз түрде тарифті бекітіп,табиғи монополиялар субьектілеріне қызмет көрсеткен. Іс жүзінде тарифті көтеру негізсіз болған. Осының салдарынан Екібастұз қаласының коммерциялық кәсіпкерлеріне 150 млн теңге шығын келді».

Өкінішке орай, жемқорларды бұғаттап, қамау жүріп жатса да, жемқорлыққа белшеден батып отырған жекелеген адамдар құтылып кетіп жатыр. Мысалы, аты шулы «Астана Экспо» компаниясының экс төрағасы Талғат Ермегияев 2 млн ақш доллары көлемінде пара алды деп айыпталғанды.  Бүгінгі брифингте мәлім болғандай, Талдықорғандық прокурор 30 мың  доллар көлемінде пара алған.

Қайсар Баржақсынов - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеушісі; «ЖШС директорынан 30 мың доллар көлемінде пара алып, оған қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатқан ».

Орын алып жатқан сыбайлас жемқорлықтан  ел экономикасы жыл сайын 4 млрд доллар жоғалтады. Бұл қаражатқа 150 мектеп салсақ болатын еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.