0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысындағы медициналық жедел жәрдем көрсету стансалары жаңа жыл басында тағы 20 су жаңа автокөлікке ие болды. Оның тең жартысы реаномобиль болса, қалғаны желілік бригадаға арналған. Заманауи автокөліктер - отандық өнім, елімізде құрастырылған. Әлемдік COVID-19 пандемиясы ұлттың саулығын сақтаудың маңызын арттыра түсті. "Сондықтан біздің басты - мақсатымыз денсаулық саласын дамыту", - дейді сала мамандары.«Хюндай» маркалы су жаңа көліктер ішінде науқастарға алғашқы медициналық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалған. Бұл медициналық қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартқалы отыр.