Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жазықсыз жаланың құрбандары

c 12:23, 01/06/2020 c 666

0:00 / 0:00

Өткен жексенбі күні оралдықтар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтан қайтыс болған жандарды еске алып, зират басына барып, марқұмдардың рухына тағзым етті. Марқұмдарға арналған ескерткіш басында құран бағышталып, шіркеу қызметкерлері діни жоралғысын жасады. 1997 жылдың 31-ші мамырынан бастап Елбасының жарлығына сәйкес, солақай саясаттың құрбаны болған жандарды еске алу шарасы ұйымдастырылып келеді. Зұлматты жылдарда мыңдаған адамға жазықсыз жала жабылып, млн.даған боздақ өмірімен қош айтысты.

Қазақ халқы ғасырлар бойына түрлі қиындықтарды еңсеріп, талай зұлматты жылдарды бастан кешті. Тарихтан белгілі "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан" басталған кешегі "репрессияға" дейінгі зобалаңда қазақ ұлт ретінде жойылып кетудің аз-ақ алдында қалды. Жаппай қуғын-сүргінді Филипп Глощекин орнатып, қазақтың жүздеген зиялы қауымын ату жазасына кесті. Солақай саясат орын алған 1921 жылдан бастап 1954 жылдар аралығында КСРО-да шамамен 3 млн 700 мың күнәсіз азамат қуғын-сүргінге ұшырады, оның 600 мыңға жуығына өлім жазасы берілді. Ал қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды. Осы боздақтардың рухына тағзым жасап, құран бағыштап, гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан өткен ғасырда млн.даған халқынан айырылып, ашаршылықтың зардабын тартып, жазықсыз жаза арқалап, темір торға қамалғанына қарамастан, жер аударылып көшіп келген өзге ұлт өкілдеріне пана болып, қолындағы барымен бөлісті. Тарихта таңбаланған әрбір ерлік бүгінгі ұрпаққа үлгі.

Жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев зобалаң жылдардың құрбаны болған жандарды ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру туралы шешіп қабылдаған болатын.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.