0:00 / 0:00
БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде 720-дан астам азамат есепте тұр. Олардың ішінде шартты түрде жазасын өтеуші, соттың қаулысымен жаза мерзімі өзгертілген 40-тан аса тұлғаға электронды білезік тағылған. Білезіктер арқылы жазасын өтеушінің қай жерде жүргені көрінеді. Азаматтар түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін қадағалауда болады. Сотталушы соттың қаулысымен белгілеген шектеулерді бұзған жағдайда немесе білезікті шешуге тырысса, мамандарға тәртіпсіздік орын алғаны туралы дабыл түседі.
ВИКТОР СОХИН
БҚО БОЙЫНША ҚАЖД ҚАЛАЛЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ М. А.
Шартты түрде бостандыққа шыққандар түзету мекемесінен тыс жерде жазасын өтейтіндіктен жұмысқа орналасауға рұқсат берілген. Алайда түнгі уақытта үйден шығуға, ескертусіз тұрғылықты жерінен тыс жерлерге сапар шегуге тыйым салынады. Мәселен, осы аптада екі тұлға талапты бұзған. Соның бірі-пробация қызметіне келіп, түсініктеме жазды.
ВИТАЛИЙ ЗЕКИН
ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ
Сотталушылардың мекемеге келіп тіркелу мерзімі жаза түріне байланысты әртүрлі. Егер тәртіп бұзу дерегі болмаған жағдайда тіркелу кезегі айына екі мәртеге дейін қысқаруы мүмкін.