Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жазасын өтеушілер жоғары біліммен қамтылмақ

c 18:56, 13/09/2018 c 786

0:00 / 0:00

Түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілердің көпшілігі - он саусағынан өнер тамған шеберлер екенін бұған дейінгі барқатар хабарларымызда көрсеткен едік. Енді олардың білім алуға деген құлшынысы қандай. Жазасын өтеушілер жоғары оқу орнын тәмәмдап, белігілі маман иесі атануы мүмкін бе? Осы орайда орал қаласындағы 170/3 мекемесіне ЖОО оқытушылары барып, бас бостандығынан айрылғандармен жүзбе-жүз тілдесті.

Бас бостандығынан айрылған азаматтар жазасын өтеп шыққан соң, өмірге қалай бейімделіп жатыр? Осы тақырып бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Мәселен, РУ-170/2 еңбекпен түзету мекемесінде сотталушылардың білім алуына жақсы мүмкіндік жасалған. Мәселен өткен жылы ағаш ұсташысы мен дәнекерлеуші мамандығына оқытатын колледж ашылып, жазасын өтеуші азаматтың әрбір үшіншісі білімін жетілдірген болса енді олар жоғары білімді маман атануы бек мүмкін.

ЖАНАР ДОСҚАЗИЕВА
ИННОВАЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
Бұл тұлғаларға арнайы қажетті курстарды меңгертуге болады. Мәселен қашықтықтан оқыту жүйесін қолға алуды жоспарлап отырмыз. Әлібетте курсты аяқтаған соң, емтихандардан өтіп білім біліктілігін дәлелдесе оларға маман құжатын беруге болады. Бас бостандығынан айырылған азамат жұмыспен, оқумен қамтылса, ертең бостандыққа шыққанда өмірге тез бейімделеді. Жұмыс істеуден жалтармайды. Сондықтан олардың тағы қосымша білім алуы артықтық етпейді.

Кездесуде жаза басып, тағдыр тәлкесіне шалдыққандармен жүзбе-жүз тілдескен оқытушылар құрамы еңбек заңнамысына сәйкес интернет желісі арқылы нәпақа табудың жолдары туралы да айтып, жақсылықтан күдер үзбеуге шақырды.

АЖАР ЕСЕНБЕКОВА
ОҚЫТУШЫ
Бүгінгі күні электротехника саласында көптеген курстар бар. Оны меңгерген әр адам қызмет бабында қолдана алады. Жазасын өтеушілер 12 сағат оқытылатын болады. Мәселен мұндағы тұлғалардың дені шеберлер десек, енді тек олардың білімін жетілдіру ғана қалды. Оқу ақысы 5 мың теңге. Бұл бір курстың толық құны болып табылады.

Мәселен 15 жыл бас бостандығынан айрылған маңғыстаулық Айдостың мамандығы бар. Дегенмен қосымша білім артық етпейді дейді.

Бүгінде аталмыш түзету мекмесінде 400 бас бостандығынан шектелген тұлға болса олардың дені жазасын өтеп жүріп ақ нәпақасын тауып жүр. Ал оларға 9 кәсіпкер екі қолға бір күрек ұсынуда.

АДІЛХАН ЕРҒАЛИЕВ
170/3 РУ МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Ынтасы бар әр жазасын өтеуші жұмыспен қамтылуда. Олардың жалақасы да әртүрлі. Қалай еңбектенеді соған сай жалақы алады. 120 адам жұмыспен қамтылған. Ал оқыту курстарына сай бүгінгі таңда компьютерлер алу жоспарлануда.

«Әрине бұл мәселеге келгенде сын айтушылар да болуы мүмкін. Дегенмен, ертең бұл азаматтар жазасын өтеп болғаннан кейін қолдарынан іс келмей, жұмыс таппай, қайда барарын білмегендіктен қайта қылмыс жасаса не болмақ? Мұндай фактілер де жеткілікті. Сондықтан да бұл азаматтарды қоғамға бейімдеу басты мәселе.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.